Accessibility links

Трамп Палестинаның Израильмен келіссөзіне араағайын болуға дайын


АҚШ президенті Дональд Трамп Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Вашингтон, 3 мамыр 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Вашингтон, 3 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы келіссөзде араағайын болуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы ол Ақ үйде Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездескенде айтты. Трамп пен Аббас Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесі бойынша ары қарай да келіссөз өткізу мүмкіндіктерін талқылап, дағдарысты бейбіт реттеудің "шешілмейтін мәселе емесін" айтты.

Ақ үйде баспасөз конференциясында сөйлеген Аббас тараптардың "тарихи бейбіт келісім" жасай алатын шамасы барына сенетінін жеткізді.

Осы аптаның басында Газа секторын бақылайтын ХАМАС радикалдық тобы бағдарламалық құжатын жариялап, Израильге қатысты ұстанымын бұрынғыдан жұмсарта түскен. ХАМАС құжатта Палестина мемлекетін оның 1967 жылға дейінгі шекарасында құруға және босқындарды Израиль территориясындағы үйлеріне қайтаруға шақырған. Израиль үкіметі ХАМАС-тың бұл саяси бағдарламасын халықаралық қауымдастықты "ақымақ ету" әрекеті деп атаған.

Дональ Трамп осы айдың соңында Израильге сапарлап барады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG