Accessibility links

Астанадағы жиында Сирияда қауіпсіз аумақ құруды мақұлдады


Сирия мәселесіне қатысты келіссөз. Астана, 16 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирия мәселесіне қатысты келіссөз. Астана, 16 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Астанада Сирия мәселесіне қатысты келіссөзге қатысқан елдер - Ресей, Түркия мен Иран ол елдегі бейбіт тұрғындарға қауіпсіз аумақ құру жайлы меморандумға қол қойды деп хабарлады Reuters.

Бұған дейін ресейлік "Коммерсант" Идлиб провинциясындағы атысқа тыйым салынып, гуманитарлық жүк қауіпсіздігіне кепілдік беріліп, негізгі инфрақұрылымды қалпына келтіретін ондай аумақ туралы жазған.

Ресейдің Сириядағы қалыпты оппозицияыны террористік ұйымдардан бөлетін қауіпсіздік аумақ туралы жоспары жиын кезінде айтылған. Сирия оппозициясының делегациясы кеше - келіссөздің алғашқы күні бұл ұсынысты сол қалпында қабылдамайтын айтып, "Сирияда бейбіт халыққа қарсы үкімет әскерінің әуе шабуылдары тоқтағанға дейін келіссөзге қатысудан тартынатыны" хабарлаған. Олар бүгін Астанада өтіп жатқан келіссөзге оралды.

Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадты, ал Түркия мен АҚШ оның жақтастарын қолдайды.

XS
SM
MD
LG