Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жетті


Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген гуманитарлық көмек. Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, 4 мамыр 2017 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген гуманитарлық көмек. Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, 4 мамыр 2017 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) еріктілері Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Көмек жинау науқанына еріктілер, облыстың қалалары мен аудандары және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері арнайы штаб құрып, оған 200-ден астам адам азық-түлік пен ақшалай көмек қосты.

"Жастар ресурстық орталығы Оңтүстік Қазақстан облысының еріктілер орталығымен бірге, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеміз деп шешті. Гуманитарлық көмектің жиналатыны жайындағы ақпаратты, біз, 19 сәуір күні әлеуметтік желілерде жиряладық. Ресурстық орталықта арнайы штаб пен комисия құрдық. Көптеген тұрғындар мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Әркім қолынан келгенше көмектесті. Ақша, киім-кешек, азық-түлік алып келді. Бүгін автобус Бескөл ауылына келді, біз жапа шеккендерді қолдау үшін гуманитарлық көмек жинауды жалғастырып жатырмыз",- деді ОҚО жастар ресурстық орталығының маманы Мадияр Қондыбаев.

Шымкент қаласындағы жастар ресурстық орталығының арнайы штабында жиналған гуманитарлық көмектің жалпы сомасы мен көлемі есептелді. Көмек ретінде азық-түлік, жамылғы, жастық, матрац, киім-кешек, 150 мың теңгедей қаржы жиналған.

Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Бескөл ауылына жеткен гуманитарлық көмек. 4 мамыр 2017 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Бескөл ауылына жеткен гуманитарлық көмек. 4 мамыр 2017 жыл.

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылына келген гуманитарлық көмекті Солтүстік Қазақстан облысының жастар ресурстық орталығы мен Қызылжар ауданының жастар бастамасы орталығы қабылдап алды.

- Бізде барлық аймақтар қосылған әлеуметтік желі бар. Мен Оңтүстік Қазақстан облысының гуманитарлық көмек жинап жатқанын және оны кімге жіберу керектігін сұрап жатқанын оқыдым. Су тасқыны бізде болып жатқандықтан оны бізге жіберулерін сұрадым,- деді өз Солтүстік Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Жұманов.

Көмек Қызылжар ауданында су тасқынынан жапа шеккендерге таратылады.

XS
SM
MD
LG