Accessibility links

Ташкент әуежайына Ислам Каримовтің есімі берілді


Ислам Каримов, Өзбекстанның бұрынғы президенті.
Ислам Каримов, Өзбекстанның бұрынғы президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент халықаралық әуежайына бұрынғы президент Ислам Каримовтың атын беру туралы жарлық шығарды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мирзияев жарлықты Каримовтің есімін мәңгі есте қалдыру туралы қаңтар айында берген уәдесіне сай шығарған.

Мирзияев өткен жылы желтоқсанда Каримовке ескерткіш орнатуға қатысты халықаралық тендер жариялау туралы жарлық шығарған.

2016 жылы 2 қыркүйекте Өзбекстан билігі 78 жастағы президент Ислам Каримовтың жүрек талмасынан қайтыс болғанын хабарлаған. Каримов елдің 1989 жылдан бері қатаң басқарған. Ташкенттегі қайта жөнделген ежелгі мешіт өткен жылғы қыркүйектің ортасынан бері Каримовтің құрметіне Ислам-Ота мешіті деп аталады.

XS
SM
MD
LG