Accessibility links

Франция суретші Павленскийге саяси баспана берді


Петр Павленский мен Ольга Шалыгина Парижде жүр. 16 қаңтар 2017 жыл.
Петр Павленский мен Ольга Шалыгина Парижде жүр. 16 қаңтар 2017 жыл.

Ресейлік суретші Петр Павленский Франциядан саяси баспанаға ие болды. Суретшінің адвокаты Доминик Бейретер Минков France Press агентігіне Павленский мен оның әйелі Оксана Шалыгинаға саяси баспана берілгенін хабарлады. Бұл ақпаратты Шалыгина "Дождь" телеарнасына растады. Павленский мен Шалыгина Ресейден биыл қаңтарда кетіп қалған. Олар 2016 жылы 14 желтоқсанда Варшавадан Ресейге оралған соң тергелген. Олар сол кезде өздерін әлдебір актриса "зорлады" деп айыптағанын мәлімдеген. Павленский айыпты жоққа шығарып, оны бопсалау және өзінің Ресейде саяси акциялар жасау әрекетіне кедергі келтіру деп атаған.

Ресейде кейде өзіне жарақат салу арқылы саяси қарсылығын білдіретін Павленский акциялары көптеген ресейліктің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қоғамға үлкен бақылау орнатқанына бей-жай қарайтынына назар аудартады дейді. Ол 2015 жылы қарашада ФСБ-ның Мәскеудің Лубянск алаңында орналасқан ғимаратының есігіне бензин құйып өртеген соң бірнеше ай қамауда отырған. Ол 2016 жылы маусымда босатылып, үлкен көлемде айыппұл салынған. Бірақ суретші айыппұлды төлеуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG