Accessibility links

Манеза, Чиншанло мен Подобедова бірнеше жылға жарыстан шеттетілді


Қазақстандық ауыр атлеттер (солдан оңға қарай) Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова.
Қазақстандық ауыр атлеттер (солдан оңға қарай) Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (International weightlifting federation - IWF) сынамаларынан допинг табылған қазақстандық ауыр атлеттер Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанлоны екі жылға, Светлана Подобедованы сегіз жылға жарыстардан шеттетті. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, IWF спортшыларды жарыстардан шеттету мерзімі олардың Лондон олимпиадасында алынған сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде допинг табылған кез - 2016 жылдың 26 мамырынан есептелетінін хабарлады.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы атлеттердің олимпиадада алған жүлдесінен басқа жарыстарда жеткен жетістіктері мен наградаларынан айырылмайтынын айтады.

Манеза, Чиншанло мен Подобедова да 2012 жылы Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысып, алтын алған. Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті 2016 жылы үшеуінің допинг сынамасын қайта тексергенде олардың тыйым салынған дәрілерді пайдаланғаны анықталып, Манеза, Чиншанло мен Подобедованың нәтижелері жойылған.

XS
SM
MD
LG