Accessibility links

Халықаралық баскетбол федерациясы хиджаб тағуға рұқсат берді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық баскетбол федерациясы (International Basketball Federation немесе FIBA) мұсылман әйел спортшыларының хиджаб тағуына рұқсат берді. Жаңа ереже FIBA конгресінде мақұлданған. Рұқсат 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Спортшыларға бетін жаппайтын және ойын кезінде жарақаттамайтын бас киім киюге рұқсат берілді.

Жаңа ереже бойынша, команданың барлық мүшесі бір түстегі бас киім киюі тиіс, ал хиджаб ақ, қара немесе спортшы формасының түсіндей болуы шарт.

Хиджаб тағуға тыйым 2014 жылы қыркүйекте Катардың баскетбол құрамасы жарысқа хиджабсыз талабына байланысты Азия ойындарына қатысудан бас тартқан соң салынған. Федерация тыйымды қауіпсіздік тұрғысында салғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG