Accessibility links

Ресей: Сириядағы деэскалация аймақтарына АҚШ коалициясының ұшақтары кірмейді


Александр Лаврентьев6 Сирия бейбіт келіссөзіндегі Ресей делегациясының басшысы.
Александр Лаврентьев6 Сирия бейбіт келіссөзіндегі Ресей делегациясының басшысы.

Сирияда құрылатын бейбіт тұрғындарға арналған қауіпсіз деэскалация аймақтарына АҚШ пен коалиция авиациясы кіргізілмейді деп хабарлады Сирия бейбіт келіссөзіндегі Ресей делегациясының басшысы Александр Лаврентьевке сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Лаврентьевтің сөзінше, қазір деэскалация аймақтарында авиацияның, әсіресе коалиция күштері авиациясының ескерту арқылы, я ескертусіз кіруі ойластырылмаған және бұл мәселе әзірге қозғалмаған.

"Коалиция авиациясы ИМ ("Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы) нысандары бойынша ғана әрекет ете алады. Авиация осы топ күштері топтасқан Ракка маңында, басқа елді мекендерде, Евфрат, Дейр әл-Зор аудандарында орналасады. Қазір коалиция авиациясының деэскалация аймақтарындағы іс-қимылы тоқтатылды" деді Лаврентьев.

Астанада Сирия мәселесіне қатысты 3-4 мамырда өткен келіссөзге қатысқан мемлекеттер - гарант елдер Ресей, Түркия мен Иран ол елде бейбіт тұрғындарға арналған қауіпсіз деэскалация аумақтарын құру жайлы меморандумға қол қойған.

Лаврентьевтің сөзіне қарағанда, меморандумда коалиция күштері авиациясының деэскалация аймақтарына кіре алмайтыны туралы айтылмаған. Бірақ бұл аймақтарда авиация қозғалысы тоқтатылады және гарант елдер мұны мұқият бақылайды.

XS
SM
MD
LG