Accessibility links

Сот Мамайдың тергеушіге қарсы шағымын қанағаттандырмады


Сотқа әкелінген Жанболат Мамай (оң жақта) әкесі Мамай Бекқожиевке қарап тұр. Алматы, 31 наурыз 2017 жыл.
Сотқа әкелінген Жанболат Мамай (оң жақта) әкесі Мамай Бекқожиевке қарап тұр. Алматы, 31 наурыз 2017 жыл.

Қамаудағы журналист Жанболат Мамайдың тергеушіге қарсы шағымын қараған Алматының Медеу аудандық соты оны қанағаттандырмады деп хабарлады тілшінің адвокаты Жанар Балғабаева.

Сотқа адвокат Балғабаева ғана кіргізілген. Оның сөзінше, шағым Мамайдың абақтыда қысымға көріп, соққыға жығылу фактісі бойынша тергеушінің әрекетіне қатысты берілген.

Бүгінгі шешімі жайлы соттан жауап алу мүмкін болмады.

2017 жылы 10 ақпанда оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы міндетін атқарушы Жанболат Мамай сот шешімімен екі айға қамалған. Тергеу тарабы «2009 жылдан бері Еуропада жүрген бұрынғы банкир және оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов «БТА Банктен» ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін Мамай басқаратын «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деп күдіктенеді. Журналист бұл айыпты мойындамайды. Ал Мұхтар Әблязов бұл айыптауды «абсурд» деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Сот 27 сәуірде Мамайды қамау мерзімін 10 маусымға дейін ұзартқан.

Жанболат Мамай абақтыда өзін соққыға жыққаны туралы хабарлаған соң оны қорғау комитеті құрылған.

XS
SM
MD
LG