Accessibility links

Ұлыбританияда жергілікті сайлауларда консервативтік партия озды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.

Ұлыбританияда мамырдың 4-і күні өткен жергілікті сайлауларда премьер-министр Тереза Мэйді қолдайтын консервативтік партиясы жеңіске жеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, торилер бұрынғыдан 500 орын артық иеленген. Уэльсте басым дауысқа ие болып келген оппозициялық лейбористер партиясы бұл жолы жеңіліп қалған. Сайлауда ең үлкен жеңіліске Еуропалық Одаққа қарсы саяси күш – Ұлыбритания тәуелсіздік партиясы ұшыраған.

Бұл жолы 88 аймақтық, қалалық және жергілікті өкілді органдар сайлауына дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны аз болған.

Ұлыбританияда енді маусымның 8-і күні кезектен тыс парламент сайлауы өтпекші. Премьер Тереза Мэйдің партиясы осы сайлауда көбірек дауыс жинап, парламенттегі позициясын нығайтудан үмітті. Соңғы сауалнама деректері бойынша, консервативтік партия 20 пайыз басымдықпен алға озған.

Осы аптада Терез Мэй Еуропа Одағы 8 маусымдағы сайлау нәтижесіне ықпал еткісі келеді деп мәлімдеген, бірақ Еуроодақ жетекшілігі ол айыптауды жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG