Accessibility links

АҚШ пен Ресей жоғары лауазымды дипломаттары 8 мамырда кездеспек


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон.
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон.

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннон мамырдың 8-і күні Нью-Йоркте Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін талқыламақшы. АҚШ сыртқы істер мекемесі таратқан ақпаратта кездесудің жай-жапсары туралы ештеңе айтылмаған, бірақ талдаушылар бұл кездесу Вашингтон мен Мәскеу кейбір халықаралық мәселелерге, соның ішінде Сириядағы жанжалды реттеуге қатысты бір-бірінен алшақ пікір ұстанып отырған кезде өтетінін айтады.

Мұның үстіне, АҚШ Конгресі 2016 жылғы америкалық президент сайлауына Ресейдің араласуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты тексеруді жалғастырып жатыр. АҚШ пен Еуропалық Одақ Мәскеуді Еуропаның түрлі еліндегі сайлау нәтижелеріне ықпал етуге тырысады деп айыптайды.

Ресей болса Шығыс Еуропадағы НАТО күштерін нығайтуға наразы.

XS
SM
MD
LG