Accessibility links

Макронның сайлау штабына хакерлік шабуыл жасалған


Франция президенттігіне кандидат Эммануэль Макрон.
Франция президенттігіне кандидат Эммануэль Макрон.

Франция президенттігіне кандидат Эммануэль Макронның сайлау штабы пайдаланатын электрондық пошта мен өзге де байланыс құралдарына «хакерлер үйлестірілген түрде бастырмалата шабуыл жасағаны» туралы жұма күні кешке канидаттың өкілдері мәлімдеген.

Бұл шабуылдан қандай ақпараттың қолды болғаны туралы ақпарат жария етілген жоқ, тек ол мәліметтердің өтірік-шыны аралас екені ғана айтылған. Францияда жексенбі күні президент сайлауының екінші туры өтпекші. Сайлаудың екінші кезеңіне центрист, бұрынғы экономика министрі Эммануиль Макрон мен "Ұлттық майдан" оңшыл радикалдық партиясының жетекшісі Марин Ле Пен шыққан.

"Сайлау кампаниясының соңындағы хакерлік шабуылдар біз өткен жылы АҚШ-та көргеніміздей демократиялық процесті бүлдіруге бағытталған" деп мәлімдеген Макронның өкілдері.

Ле Пеннің ұзақ жылдан бері Кремльмен тығыз қаржы байланысы бар. Ресей бұқаралық ақпарат құралдары оның сайлауалды кампаниясы туралы хабарларында үнемі жағымды жағынан сипаттайды. Наурыздың соңында Мәскеуге келгенде Ле Пен Ресей президенті Владимир Путиннің қабылдауында болды. Өткен сәрсенбіде президенттікке кандидаттардың теледебаты басталардан бірнеше сағат бұрын интернет-боттар Twitter әлеуметтік желісінде «Макронның жасырын офшорлыш шоттары бар» деген қауесет таратқан. Теледебат кезінде осы айыптауларды бірнеше рет қайталаған Ле Пен жайлы бәсекелесі Макрон «ол Кремльдің сөзін сөйлейді» деп айтып салған еді.

XS
SM
MD
LG