Accessibility links

Мәскеуде оппозиция "Болотный наразылығын" еске алу шеруін өткізбек


Көрнекі сурет.

Ресей оппозициясы 2012 жылғы мамырда Болотный алаңында жаппай наразылық өткеніне бес жыл толуын мамырдың 6-сы күні Мәскеуде шеру өткізіп атап өтпекші. Мәскеу билігі оппозиция шеруін Сахаров алаңында өткізуге келісім берді деп хабарлады акцияны ұйымдастырушылардың бірі Михаил Шнейдер. Қала басшылығы оппозиция шеруін Болотный алаңында өткізуге рұқсат етпеген. Шараны ұйымдастырушылардың тағы бірі Александр Рыклин бұған дейін «Интерфакс» агенттігіне шеруге 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отырғаны туралы айтқан.

2012 жылы мамырдың 6-сы күні Мәскеудің Болотный алаңына Владимир Путиннің Ресей президенті болып қайта сайлануына қарсылық білдіріп бірнеше мың адам шеруге шыққан. Наразылық акциясына қатысушылар полициямен қақтығысқан. Тәртіпсіздіктерге қатысты тергеу және сот процестер кейін «Болотный ісі» аталып кеткен. Оқиғаларға байланысты 400-700-ге жуық адам ұсталып, 30-дан астам адам түрлі мерзімге сотталған.

Бұған дейін ресми айып тағылмаған бірнеше адам Ресейден кетіп, Испания, Швеция, Литва, Эстония мен Германиядан пана тапқан. Тергеу барысында ресейлік оппозиция қайраткерлерінің кейбірі қуғын-сүргінге ұшыраған.

Ресейдегі "Болотный қарсылығы" және өзге шерулер туралы видео:

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG