Accessibility links

Шымкентте мүгедектердің қолөнер бұйымдары көрмесі өтті


Бүгін Шымкенттегі «Кен баба» этносаябағында «Асыл әлем» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар жасаған қолөнер бұйымдарының «Жеңіспен бірге!» атты көрмесі өтті. Облыстағы жиырмаға жуық арнаулы мемлекеттік мекеменің тәрбиеленушілері қатысқан көрмені тамашалауға жүзден аса адам жиналды.

Бірінші топтағы мүгедек 31 жастағы Салтанат Бесбосынова он жылдан бері былғары, моншақтан қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысып, табыс табатынын, алайда тапсырыс көлемі аз екенін айтады.

- Мемлекеттен қолдау жоқ. Кейде тапсырыс болады, кейде жоқ. Бір бұйымның өзін жасауға кейде бір ай уақыт кетеді, - дейді Салтанат Бесбосынова.

Бүгінгі көрмеге қойылған бұйымдардың ең қымбаты - 40 мың теңгеге бағаланды. Көрмеге келушілердің көбі тоқыма бұйымдарын сатып алды.

Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбекованың айтуынша, облыста 117 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

XS
SM
MD
LG