Accessibility links

Мәскеудің Болотный алаңында белсенділерді ұстады


"Болотный алаңына" наразылық акциясына шыққандарды полиция ұстап жатыр. Мәскеу,
6 мамыр 2012
"Болотный алаңына" наразылық акциясына шыққандарды полиция ұстап жатыр. Мәскеу, 6 мамыр 2012

Мәскеудің Болотный алаңына бүгін наразылық акциясына шыққан кемінде жеті адамды полиция ұстаған. Олар «Болотный ісіне» қатысты колонияда қамауда отырған Иван Непомнящихке қолдау білдірген плакаттар ұстап тұрған. Бұл туралы «ОВД-Инфо» сайты хабарлады.

Ұсталғандарды «Хамовники» полиция бөлімшесіне апарған. Олардың кейбірі полиция қызметкерлері ішкі істер бөлімінде болуына рұқсат етпеген қорғаушыларға сенімхат жазып үлгерген.

Мәскеуде бүгін оппозиция шеруі өтті. Оған үш мыңға жуық адам қатысқан. Осыдан бес жыл бұрын, 2012 жылғы мамырдың 6-сы күні Ресей президенті Владимир Путиннің инаугурациясына дейін мәскеуліктер Болотный алаңына қарсылық шеруіне шыққан. Олар сайлау кезінде бұрмалаушылықтар болғанына наразылық білдірген. Акция жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан. Полициямен қақтығыстан кейін отыздан астам адам жауапқа тартылған. Олардың кейбірі әлі күнге дейін бостандыққа шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG