Accessibility links

Ирак әскері ИМ содырлары қолындағы Мосул қаласына кірді


Мосул қаласы шетінде жүріп жатқан ұрыс. Ирак, 5 мамыр 2017 жыл.
Мосул қаласы шетінде жүріп жатқан ұрыс. Ирак, 5 мамыр 2017 жыл.

Әскери командирлердің айтуынша, Ирак әскері "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымы басып алған Мосул қаласының солтүстік шетіне ілінген. Ондағы ондаған адамды босатып, қауіпсіз жерге шығарған.

6 мамыр күні қаруландырылған федералдық полиция басшысы Раед Чейкер "Мосулдың әл-Харамат ауданына кіргендерін" хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, полиция Мосулдың ішіне 500 метрдей енген.

Ол «Әл-Харамат ауданындағы ұрыстан кейін біздің жауынгерлер бұл ауданнан ондаған адамды құтқарды, 15 шақты содыр оққа ұшты" дейді.

Ақпараттарға қарағанда, АҚШ әскері ИМ содырларын Мосулдың Мушерф ауданынан тықсырып шығарған.

Reuters агенттігіне Мушерф ауданынан қашып шыққан ер адам «Көршілерім мен достарымның көбі өлді. Бізді азат етті, бірақ жақын адамдарымыздан айырылдық" деп сұхбат берген.

Гуманитарлық топтардың хабарлауынша, Мосулдағы бейбіт тұрғындардың азық-түлігі жоқ, содырлар оларды күшпен ұстап отыр.

БҰҰ мәліметі бойынша Мосулда 300 мыңнан бастап 500 мың адамға дейін содырлар бақылауында отыр. Мосулдың кейбір аудандарына гуманитарлық жәрдем жіберілмегеніне алты айдан асқан.

Мосул "Ислам мемлекеті" содырларының Ирактағы ең соңғы бекінісі болып отыр.

XS
SM
MD
LG