Accessibility links

Францияда президент сайлауының екінші туры өтеді


Франция президент сайлауына түсіп жатқан Эммануэль Макрон (сол жақта) мен Марин Ле Пен.

Франциядағы президент сайлауының екінші туры 7 мамыр күні өтеді. Осы турдан соң Франция президенті кім болатыны анықталады.

Францияда алғаш рет президент қызметіне әйел адам таласып жатыр. Марин Ле Пен әсіреоңшыл, ұлтшыл, популистік саясатты жақтайды.

Онымен бәсекеге орта бағыттағы саясатты жақтайтын Эммануэль Макрон түсіп жатыр. Макронның сайлау штабы хакерлік шабуылға ұшырағаны кейінгі тәулікте белгілі болды. 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына Ресей хакерлері араласты деген ақпарат тараған еді. Бұл шабуылды да сол оқиғамен салыстырушылар бар. Францияның қазіргі президенті Франсуа Олланд оқиғаны тексеруге уәде берді.

Биылғы сайлауда Франция аймақтарындағы жергілікті билік күтпеген проблемамен ұшырасып отыр. Франциялық БАҚ ақпаратына қарағанда, кей қалалардағы сайлау комиссиялары жасақталып үлгермеген. Екі қарсыластың да партияларының барлық аймақтардағы сайлау комиссияларына өкілдері жетпей жатыр.

Франциядағы сайлау заңы бойынша сайлау комиссияларында сайлауға түсіп жатқан тараптардың өкілдері болуы тиіс. Жергілікті билік сайлау комиссияларындағы орындарды аймақтардағы муниципалдық кеңес өкілдерінен, сайлаушылар арасынан шыққан еріктілермен толтыруға тырысып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG