Астанада Қазақстан әскерінің құрылғанына 25 жыл толуына және Жеңіс күніне орай әскери парад өтті.
Оған жаяу әскер бөлімдері, түрлі әскери техникалар, ұшақтар мен тікұшақтар қатысты. Ресми дерек бойынша, парадқа 5 мыңнан астам әскери қызметкер, 300 әскери техника қатысқан
Әскери парадта сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазір елмен бірге қарулы күштер де тарихи модернизациядан өтіп жатыр. Барлық блоктың негізгі бағыты - терроризммен күрес. Қазақстан қай жақтан келсе де кез келген қауіпке тойтарыс беруі керек" деп мәлімдеген.
Әскери парадты Қазақстан жоғарғы билігі өкілдері мен Астана тұрғындары және қонақтары тамашалады.