Accessibility links

Нигерия: Боко Харам кепілдегі 82 қызды тұтқын содырларға айырбастады


Боко Харам содырлары видеосынан алынған скриншот.
Боко Харам содырлары видеосынан алынған скриншот.

2014 жылы Нигерияда Боко Харам террорлық ұйымы 200-ден астам оқушы қызды кепілге алған еді. Сол оқушылардың 82-сін экстремистік топ үкімет қолына тұтқынға түскен содырларға айырбастады.

Бұл туралы 7 мамыр күні Нигерия үкіметі хабарлады. Бірақ үкімет хабарында 82 қызға айырбасталған қанша содырдың Боко Харамға берілгені айтылмаған. Мәлімдемеде кепіл тұтқыннан шыққан қыздардың Нигерия президенті Мұхаммад Бухаримен кездесетіні жазылған.

2014 жылы "Әл-Қаида" террорлық тобымен байланысы бар экстремистік топ 276 оқушы қызды осы елдің Чибока қаласындағы мемлекеттік мектептен кепілге алып кеткен еді. Олардың 57-сі содырлар тұтқынынан қашып шыққан. 2016 жылы 21 қыз құтқарылды. 2017 жылы қаңтарда тағы бірнеше қызға қашып кетудің сәті түсті. Соңғы тұтқындар айырбасын алып тастағанда, Боко Харам тұтқынында әлі 113 оқушы қыз отыр.

XS
SM
MD
LG