Accessibility links

Ауған содырлары Кундуз қаласы маңын басып алды


Кундузға барар жолды жауып тұрған үкімет әскері техникалары. Ауғанстан, 7 мамыр 2017 жыл.

6 мамыр күні «Талибан» қозғалысы содырлары Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан Кундуз қаласының солтүстік қапталындағы ауданды басып алды.

Ауғанстанның шығыс аймақтары полиция басқармасы өкілі Махфуз Акбари үкімет әскерінің Кундуз қаласы маңындағы бір тәулікке созылған ұрыстан кейін шегінгенін айтады.

«Талибан» өкілі Забихулла Муджахид содырлардың "полиция бөлімшесін, губернатордың жұмыс орнын, аудандағы бақылау-өткізу пункттерін басып алғанын" айтады. Ол "бірнеше полицей мен үкімет жауынгері оққа ұшқанын" мәлімдеді.

Кейінгі 18 айда содырлар Кундуз қаласының орталығын екі мәрте басып алды. Бірақ екі ретте де үкімет әскері қаланы азат еткен.

АҚШ мәліметтеріне қарағанда, Ауғанстандағы үкімет әскері ел аумағының 60 пайызын ғана бақылайды. Ал қалған аумақтарда содырлармен күрес жүріп жатыр.

"Талибан" содырлары 2001 жылы биліктен кеткеннен кейін қайтадан билікке келуге тырысып жатыр. АҚШ мәліметтеріне қарағанда, жыл басынан бері Ауғанстанда үкімет әскерінің мыңға жуық сарбазы мен 700-дей бейбіт тұрғын қаза тапқан. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері 75 мың адам үйлерін тастап, босқынға айналған.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG