Атырау облысының аумағындағы "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр. Өрт Еркінқала ауылының тұсынан басталған. Атырау облыстық ТЖ департаментінің 14 қызметкері 10 гектарға жайылған өртті үшінші күн өшіріп жатыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
"Ақ Жайық" резерваты Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасындағы 400 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл құрық аумағынан жыл құстары ұшып өтеді. Қорық ЮНЕСКО тіркеуіне алынған.