Accessibility links

Нигерия президенті кепіл тұтқыннан босаған оқушы қыздармен кездесті


Боко Харам террорлық ұйымы жариялаған сурет. Фотография Reuters агенттігінен алынды.
Боко Харам террорлық ұйымы жариялаған сурет. Фотография Reuters агенттігінен алынды.

Нигерия президенті Мұхаммад Бухари Боко Харам террорлық ұйымының кепіл тұтқынында болған 82 оқушы қызбен кездесті.

Бухари олармен кездескен суретін 7 мамыр күні Twitter әлеуметтік желісіне жариялады. Одан бір күн бұрын Бухари​ үкіметі оларды тұтқынға түскен содырларға айырбастаған еді.

Содырлар тұтқынында болған оқушылармен кездесуден кейін президент кеңесшісі Феми Адезина Бухаридің «оларға қоғамға қайта бейімделуге барлық жағдай жасалатынын айтып уәде бергенін» хабарлады. Адесина шенеуніктердің бұл жұмысты бақылайтынын айтады.

Содырлармен тұтқын алмасу келіссөзін Швейцария үкіметімен бірге жүргізуге көмектескен Қызыл крест халықаралық комитеті "оқушы қыздардың отбасыларымен жақын арада табысатынын" хабарлады. Нигерия үкіметі содырлармен келіссөздің қалай жүргенін, үкімет тұтқынына түскен қанша содырдың айырбасқа босатылғанын айтпайды.

XS
SM
MD
LG