Accessibility links

Макрон Еуропа бірлігін жақтайтынын мәлімдеді


Францияның президент сайлауында жеңіске жеткен Эммануэль Макрон.
Францияның президент сайлауында жеңіске жеткен Эммануэль Макрон.

Францияның президент сайлауында жеңіске жеткен Эммануэль Макрон Еуропаның бірлігін қолдайтынын, осы мақсатта еңбек ететінін мәлімдеді.

7 мамыр күні өткен президент сайлауының екінші турында Макрон әсіреоңшыл саясаткер Марин Ле Пен ханымды жеңіп, Францияның ең жас президенті болды. Францияның бұрынғы экономика министрі, бұрынғы банкир Эммануэль Макрон сайлаушылардың 65 пайыздан астам дауысын жинады.

Париждегі Лувр ғимараты алдында сайлаушылары алдында сөйлеген ол "француздардың тарихтың жаңа бетін ашқанын" айтып, мыңдаған жақтастары алдында азаматтарға "Франция мен Еуропаны қорғауға" уәде берді.

11 миллион сайлаушы (34 пайыз) Ле Пенге дауыс берген. Бұл - Францияның жаңа тарихында әсіреұлтшыл кандидат алған ең көп дауыс саны.

XS
SM
MD
LG