Accessibility links

ИМ-нің Ауғанстандағы басшысының өлгені расталды


ИМ мүшелерінің тұтқындалған сәті. Ауғанстан, 18 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
ИМ мүшелерінің тұтқындалған сәті. Ауғанстан, 18 ақпан 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының Ауғанстандағы басшысы Абдул Хасиб ауған және америкалық жасақтың біріккен әскери операциясы кезінде өлтірілді деп хабарлады екі ел үкіметі.

Хасибтің өлімі туралы бейресми хабар 28 сәуірде тараған. Ол қаза болған рейдке АҚШ-тың 50, Ауғанстанның 40 арнайы жасағы қатысқан. Шабуыл кезінде ИМ-нің бірнеше басшысы мен 35 содыры өлген.

Былтыр бұл ұйымның Ауғанстандағы басшысы Хафиза Саед АҚШ дроны шабуылынан өлген соң оның орнына Абдул Хасиб келген.

XS
SM
MD
LG