Accessibility links

НАТО Эстонияда жаттығу өткізіп жатыр


Ұлыбританияның әскери техникасы Эстонияға келіп жатыр. Палдиски, 22 наурыз 2017 жыл.
Ұлыбританияның әскери техникасы Эстонияға келіп жатыр. Палдиски, 22 наурыз 2017 жыл.

Эстонияда НАТО-ның "Көктемгі дауыл - 2017" жаттығу шарасы басталды. Эстон қорғаныс министрлігі дерегінше, елдің шығысы мен солтүстік-шығысында 25 наурызға дейін өтетін ауқымды шараға 9 мыңдай сарбаз қатысады. Олардың 2 мыңдайы - шетелдік әскер.

Ресей Қырымды аннексиялап алып, Украинаның шығысындағы соғысқа кіріскелі НАТО-ның Шығыс Еуропадағы белсенділігі артқан.

Биыл бұл ұйымның Германия, Канада мен Ұлыбритания әскері бар бөлімшесі Литва, Латвия мен Эстонияға орнығады.

НАТО Шығыс Еуропадағы әрекетін "қорғаныс амалы" деп түсіндіреді. Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымның "Ресейден оқшауланып жатпағанын, сенімді қорғаныс шарасын жасап жатқанын" айтады.

XS
SM
MD
LG