Accessibility links

Роухани консерваторлардың “заманы өткені” туралы мәлімдеген


Иран президенті Хасан Роухани.
Иран президенті Хасан Роухани.

Иран президенті Хасан Роухани консерваторлар арасындағы саяси бақталастарын қатты сынап, олардың «зомбылық пен экстремизм» дәурені аяқталуға жақын қалғаны туралы мәлімдеген. Иран басшысының сөзін ISNA агенттігі келтірген. Тағы бір мерзімге Иран президенті болып сайланудан үмітті Роухани қазір елдің батыс өңірінде сайлау кампаниясын өткізіп жүр.

Иранда президент сайлауы мамырдың 19-ына тағайындалған. Қатаң саясат ұстануды жақтайтындар Роуханидің 2015 жылы әлемдік державалармен Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасаған келісімі күткендегідей нәтиже бермеді деп, оны сынап-мінеген.

Хасан Роухани егер бұл сайлауда бәсекелестері жеңіске жететін болса Иранда авторитаризм күшейеді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG