Accessibility links

Билл Клинтон саяси роман жазуға кіріскен


АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон.
АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон бұған дейін бестеселлерге айналған бірнеше кітаптың авторы, танымал жазушы Джеймс Паттерсонмен бірге The President Is Missing атты саяси роман жазып жатыр. Клинтон мен Паттерсонның бірлескен шығармасы 2018 жылы маусымда жарық көрмек.

"Президент Клинтонмен бірге серіктес болу – карьерамның ең шырқау шыңы... Мен әңгіме айтушымын, ал президент Клинтонның қосқан үлесі бізге шын мәнінде қызықты тарихты баяндауға мүмкіндік берді» деген Паттерсон.

Кітапты басып шығару құқығына ие болған екі баспа үйінің мәлімдеуінше, бұл «биліктің ең жоғарғы сатысындағы, егжей-тегжейі тек президенттерге ғана мәлім саяси шиеленіс пен астыртын тартыс жайын баяндайтын шығарма» болмақ.

«Президент қызметі мен Ақ үйдегі өмір жайлы, Вашингтонда қызметтің қалай атқарылатыны туралы біліміме негізделген кітап жазу – үлкен ғанибет» дейді АҚШ президенті болып екі мәрте сайланған Билл Клинтон.

XS
SM
MD
LG