Accessibility links

Таиландта болған жарылыстан 42 адам зардап шеккен


Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында жарылыс болған жерде жатқан оқушы сөмкесі. 6 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында жарылыс болған жерде жатқан оқушы сөмкесі. 6 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Таиландтың оңтүстігіндегі Паттани қаласында сауда орталығы жанында автокөлікте болған жарылыс салдарынан 42 адам жараланған. Екі адамның жағдайы өте ауыр деп хабарланды.

Автокөлікке мина қойған адамдар із жасырған. Қазір оларды іздестіріп жатыр.

Полиция бұл шабуылға қатысы болуы мүмкін деп елдің оңтүстігіндегі үш провинцияда әрекет ететін исламшыл сепаратистерден күдіктенеді. Таиландтан бөлінуді көксейтін сепаратистермен соңғы он жылда қарулы күрес барысында алты мыңнан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG