Accessibility links

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шаралар өтіп жатыр


28-панфиловшылар атындағы саябақтағы мәңгілік алауға гүл қоюға жиналған жұрт. Алматы, 9 мамыр 2017 жыл.
28-панфиловшылар атындағы саябақтағы мәңгілік алауға гүл қоюға жиналған жұрт. Алматы, 9 мамыр 2017 жыл.

Қазақстанда бүгін екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Жеңіс күні Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қою рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Шараға жиналған жұртшылық екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алған.

Астанадағы 9 мамыр мерекесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:52 0:00

Соғыс құрбандарын еске алу шарасында Назарбаев екінші дүниежүзілік соғысы басталған тұста халқының саны 6 миллион болған Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға аттанып, әрбір екіншісі соғыста қаза тапқанын айтты.

«Ардагерлерге олардың жасаған ерлігіндей үлкен құрмет танытуға тиіспіз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық ардагерлерді бүгінгі қуанышты Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Оларға мықты денсаулық, баршамызға жақсылық тілеймін. Жеңіске ең алдымен елімізде тұрған барша халықтардың бауырластық, достығының ынтымағы арқасында қол жетті. Біз қазір де дәл сол ұранмен өмір сүріп жатырмыз» деген Қазақстан президенті.

Бұдан кейін Қазақстан әнұраны орындалып, құрметті қарауыл ротасы салтанатпен сап түзеп жүріп өткен.

Алматыда 28-панфиловшылар атындағы саябақтағы мәңгілік алауға гүл қою, соғыс құрбандарын еске алуға жылдағыдай көп адам жиналды. Шараға соғыс ардагерлері, соғыста қаза тапқандардың және майдангерлердің ұрпақтары қатысты.

Алматыдағы Жеңіс мерекесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Кей деректер бойынша, қазір Қазақстанда осыдан 72 жыл бұрын аяқталған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 2776 ардагер бар.

Қазақстанда 9 мамыр - Жеңіс күні мейрамы болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG