Accessibility links

Димаш Құдайбергенді Париждегі Global Gift Gala концертіне шақырды


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a Singer конкурсында ән шырқап тұр.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a Singer конкурсында ән шырқап тұр.

Қытайдағы I am a Singer конкурсында өнерімен көрерменге кеңінен танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мамырдың 16-сы күні Парижде өтетін Global Gift Gala қайырымдылық концертіне қатысуға шақырту алды деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Global Gift Gala – мұқтаж жандарға қаражат жинау, балалар мен отбасылар проблемасын түсінуге ықпал жасау және әйелдердің құқық аясын кеңейтуге арналған халықаралық бастама. Бұл платформа бизнесмендер, танымал адамдар мен филантроптарды біріктіреді. Шара Global Gift Foundation бастамасымен өтеді.

Global Gift Gala жыл сайын әлемнің көптеген қалаларында концерттер өткізіп келеді. Осындай гала-кештерде қатысушылар мұқтаж жандарға қаржылай жәрдем береді, сонымен бірге өздері де қайырымдылық ісіне қосқан үлесі үшін марапатталады.

XS
SM
MD
LG