Accessibility links

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті тойлап жатыр


Қызыл алаңдағы әскери парад. Мәскеу, 9 мамыр 2017 жыл.
Қызыл алаңдағы әскери парад. Мәскеу, 9 мамыр 2017 жыл.

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 72 жылдығын тойлап жатыр. Бүгін Мәскеуде сол оқиғаның құрметіне әскери парад өтті.

Қызыл алаңда өткен әскери парадқа 10 мыңдай адам қатысты. Парадты Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдады. Ел президенті Владимир Путин парад басталарда сөйлеп, «қазір өмірдің өзі әскери қуатты арттыруды талап етеді», «Ресей кез келген агрессияның бетін қайтара алады» деді.

Ресей қорғаныс министрлігі ауа райына байланысты ұшақтар мен тікұшақтардың парадқа қатыспағанын хабарлады.

Бүгін Ресейдің көптеген қалаларында «Ажалсыз полк» атты акция да өтіп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары кей өңірлерде бұл шараға оқушылар мен студенттерді және бюджеттік мекеме қызметкерлерін күштеп қатыстырғанын хабарлады.

1939-1945 жылдары болған Екінші дүниежүзілік соғыстан 50 миллионнан астам адам қаза тапқан, олардың 27 миллиондайы Совет Одағының азаматтары болған.

Жаһан жаңалықтары 09.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:53 0:00

XS
SM
MD
LG