Accessibility links

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр


Оңтүстік Кореядағы президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттардың бірі Мун Чже Ин. Сеул, 8 мамыр 2017 жыл.
Оңтүстік Кореядағы президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттардың бірі Мун Чже Ин. Сеул, 8 мамыр 2017 жыл.

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр. Бұрынғы президент жемқорлық дауына ілігіп, қызметінен кеткен соң мерзімінен бұрын өткізіліп жатқан бұл сайлауға 13 кандидат түскен.

Сарапшылар 13 кандидаттың арасынан жеңіп шығуы ықтимал үміткердің бірі ретінде демократиялық партия өкілі Мун Чже Инді атайды. Оппозицияны басқарған Мун дауға іліккен президент Пак Кын Хеге импичмент жариялауды жақтаушылардың бірі болған. Адам құқығын қорғаушы, 64 жастағы саясаткер елінде жұмыссыздықты азайтуды, Солтүстік Кореямен диалог орнатуды қолдайды.

Мунның басты қарсыласы – солшыл-центристер құрған «Халық партиясының» басшысы Ан Чхоль Су. Бұрын антивирус бағдарламаларын жасаған компанияны басқарған 55 жастағы Ан жастардың қолдауына сүйенеді. Ол президент болса, жастар арасында жұмыссыздарды азайтуға уәде берді. Ан да Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуді қолдайды, бірақ ол елге салынған санкциялардан бас тартпайтынын айтады.

Сайлау қорытындысы 10 мамыр күні таңертең жарияланады. Бұрынғы президент импичментке ілігіп, елде саяси дағдарыс туғандықтан бұл науқанда жеңген президент сайлау нәтижесі жариялана сала қызметіне кіріспек.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе «пара алды, билікті теріс мақсатта пайдаланды және мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен әуелі қызметінен кетіп, кейін қамауға алынған.

Жаһан жаңалықтары 09.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:53 0:00

XS
SM
MD
LG