Accessibility links

Теміртауда 100 жастағы соғыс ардагері тұрады


Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Кубанкин биыл шілде айында 101 жасқа келмекші. Теміртау қаласы, 9 мамыр 2017 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Кубанкин биыл шілде айында 101 жасқа келмекші. Теміртау қаласы, 9 мамыр 2017 жыл.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында бүгін мыңдаған тұрғын екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан туыстарының, майданға қатысқан ардагерлердің суреттерін ұстап қала көшесімен «Мәңгілік полк» шеруіне шықты.

Қазіргі уақытта Теміртау қаласында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 29 адам тұрады. Бүгінгі шараға олардың көбі қатыса алмады, әйткенмен әрең қозғалатын бірнеше соғыс ардагерін қолтығынан демеп алып келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Кубанкин де бүгін көшеде өткен шараға қатыса алған жоқ. Шілде айында қария 101 жасқа келмекші.

- 1941 жылы ол өз еркімен майданға аттанған. Донбаста алғаш шайқасқа еніп, Ростовты, бүкіл Кавказды жаяу аралап, Туапседегі шайқаста өлім аузынан қалған. Кейін Новоросийск түбінде, әлгі Брежнев болған 18-армияда қызмет атқарған. Ауыр жараланып, бір жыл госпитальда жатқан. Үйге тірі аруақтай боп құр сүлдері жеткен. Анам (Илья Кубанкиннің әйелі) бағып-қағып, балгер-бақсыға қаратып, қайтадан аяғынан тұрғызған. Екеуі 70 жыл тату-тәтті ғұмыр кешті. Анамыз 2007 жылы дүниеден өтті, - дейді Азаттыққа соғыс ардагерінің ұлы Владимир Кубанкин.

Илья Кубанкиннің биыл қос жанары толық көрмей қалған, ол естімейді, өздігінен жүре де алмайды – оны зейнет жасына әлдеқашан жеткен балалары түзге демеп шығарады. Үйдегілердің сөзінше, қария өмір сүруден шаршағанын күнде айтады. Азаттық тілшісі Илья Кубанкиннің үйіне барған күні қария қолы-басын таяққа сүйеп, ақырын ғана ыңырсып отыр екен. Сірә, ардагерді ауру мен қарттықтан әбден қажытса керек.

- Жағдайым осы… Жақсы деуге де, жаман деуге де келмейді. Осылай тірлік кешіп жатырмын. Ештеңе көрмеймін, нашар естимін. Бір тілегім – қиналмай, тезірек аттансам деймін. Ал жастарға тілейтінім – жақсы, тату өмір сүріңдер, соғыс болмасын, барлық игілікті тілеймін, - деді Азаттық тілшісіне соғыс ардагері Илья Кубанкин.

Илья Кубанкин зейнетақысына шағым айтқан жоқ. Борщ пен бұқтырылған картопты сүйсініп жейді. Тәттіден кезек қантты ұнатады. Төрт баласы бар, ең үлкені қазір 78 жаста. Балаларынан сүйген 11 шөбересі және бір шөпшегі бар.

Алматыдағы Жеңіс күні

Алматыдағы Жеңіс мерекесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

XS
SM
MD
LG