Accessibility links

Трамп FBI директорын қызметінен босатты


Джеймс Коми, FBI-дің отставкаға кеткен директоры.
Джеймс Коми, FBI-дің отставкаға кеткен директоры.

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigation - FBI) директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты. Бюро Трамптың сайлауалды штабы мүшелерінің Ресеймен байланыстарын тексеріп жатқан. "Президент бас прокурор мен оның орынбасарының FBI директорын қызметінен шеттетуге қатысты ұсыныстарын ескерді" деп мәлімдеді журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер. Президент әкімшілігі енді бюроға дереу жаңа басшы іздей бастайды.

Трамптың Комиге жолдаған хатында Комидің елдің жетекші құқық қорғау ведомствосын "тиімді басқара алмайтыны" және бюроға жаңа басшы қажеті айтылған. "Сіз маған менің сыртымнан тергеліп жатпағаным жайлы үш рет хабарладыңыз. Мен мұныңызды жоғары бағалаймын, соған қарамастан әділет министрлігінің сіздің бюроны басқаруға қабілетті емес екендігіңіз жайлы пікірімен келісемін"деген Трамп хатында.

FBI директоры 10 жыл мерзімге тағайындалады. 56 жастағы Комиді төрт жыл бұрын сол кездегі президент Барак Обама тағайындаған.

XS
SM
MD
LG