Accessibility links

БАҚ: АҚШ Сириядағы күрдтерді қаруландыратын болды


Сириядағы Күрдтердің халықтық қорғаныс жасақтарының сарбазы (Көрнекі сурет).
Сириядағы Күрдтердің халықтық қорғаныс жасақтарының сарбазы (Көрнекі сурет).

БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Сириядағы басты оппозициялық күрд топтарына қару-жарақ жеткізетін болды. АҚШ пен Түркия президенттерінің кездесуіне бірнеше күн қалғанда қабылданған бұл шешім Анкараның ашуын келтіруі әбден мүмкін. Бірқатар агенттік АҚШ билігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап, Ақ үйдің 9 мамырда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Сириядағы орталығы - Ракка қаласы үшін шайқас алдында Күрдтердің халықтық қорғаныс құрылымы жасақтарын қаруландыруды мақұлдағанын хабарлады. Содырлардың орталығы саналатын Ракканы қазір оппозиция әскері қоршап тұр.

France Press агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, қаруландыру туралы бұйрықтың бірден күшіне енгенін, "бірақ қару-жарақ жеткізу мерзімі әлі нақтыланбағанын" айтады. Вашингтон бұл күрдтердің жасақтары Сирияның солтүстігінде ИМ-ге соққы беруде маңызды рөл атқарады деп біледі. Анкара оларды террористер және Түркиядағы тыйым салынған Күрдістан халықтық партиясымен байланысты деп таниды.

Түркия президенті Режеп Ердоған мамырдың ортасында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі тиіс. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Джон Мэттис Данияда Түркия билігінің өкілдерімен Вашингтон мен күрд жасақтары арасындағы одаққа қатысты "өнімді дискуссия" өткізгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG