Accessibility links

Трамп Вашингтонда Лавровпен кездеседі


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырда Ақ үйде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Сирия дағдарысын және басқа халықаралық мәселелерді талқылайды деп хабарлады 9 мамырда Ақ үй өкілдері. Дональд Трамп қызметіне кіріскен қаңтардан бері Ресей билігі өкілімен бірінші рет кездесейін деп отыр.

Трамп Лавровпен 10 мамырда Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның кездесуінен соң келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Ақ үй өкілдерінің ақпаратына қарағанда, келіссөзде Сирия дағдарысы, америка-ресей қарым-қатынасы және басқа да әлемдік мәселелер талқыланбақ.

Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту қажетін айтқан. Бірақ қызметіне кіріскен соң республикашылдарға тән барынша дәстүрлі көзқарастарды ұстана бастады. Ол НАТО-ның Ресейдің Еуропадағы агрессиясы мен әскери әлеуетін арттыруына қарсы шараларын қолдаған.

Сирия дағдарысына қатысты ұстанымда келіспеушіліктер бар екеніне қарамастан, Сирия тақырыбы Кремль пен Трамп әкімшілігі "Ислам мемлкеті" (ИМ) экстремистік ұйымы және басқа да экстремистік топтармен бірлесе күресу мүмкіндіктерін қарастыра алатын сала болып отыр.

Лавров Вашингтонға 2013 жылдан бері бірінші рет барайын деп отыр. Ол АҚШ-қа өткен аптада Астанада Иран және Түркиямен жасасқан Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісім жоспары бойынша бармақ.

XS
SM
MD
LG