Accessibility links

ЕО таяуда Украинамен визасыз режим тәртібін түпкілікті орнатады


Федерика Могерини, ЕО-ның сырты істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары.
Федерика Могерини, ЕО-ның сырты істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары.

Еуропа Одағы (ЕО) жақын күндері Украинамен визасыз режим тәртібін бекітеді деп мәлімдеді ЕО-ның сырты істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында.

Оның сөзінше, визасыз режим орнату туралы шешім ЕО-ның шығыстағы серіктестерін қолдау, олардың экономикасы мен мемлекеттік органдарын нығайту бағдарламасы аясында қабылданады.

Сәуірдің басында Еуропа парламенті Украина азаматтарының ЕО елдеріне визамен сапарлау тәртібін жоюды қолдаған. Айдың соңында ЕО кеңесі бұл шешімді қуаттаған. Визасыз тәртіп орнату туралы құжатқа 17 мамырда Страсбургте түпкілікті қол қойылады деп жоспарланған.

Жаңа тәртіп бойынша, Украинаның биометриялық төлқұжаты бар барлық азаматы ЕО елдерінде әр жарты жыл аралығындағы уақытта 90 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады.

28 наурызда Грузия азаматтары үшін де ЕО елдеріне визасыз сапарлау тәртібі күшіне енген.

XS
SM
MD
LG