Accessibility links

АҚШ сенаторы Трамптың коммерциялық келісімдерін зерттегісі келеді


Линдси Грэм, америкалық республикашыл сенатор.
Линдси Грэм, америкалық республикашыл сенатор.

Америкалық республикашыл сенатор Линдси Грэм президент Дональд Трамптың Ресеймен қандай да бір байланыстары болған, я болмағанын анықтау үшін оның коммерциялық келісімдерін зерттегісі келетінін мәлімдеді. CNN телеарнасының хабарлауынша, Грэм Трамптың салық құжаттарын зерттеген жөн болатынын, бірақ президент ол құжаттарын беруге келіседі деуге әлі ерте екенін айтты.

Бірер күн бұрын Грэм сенатта заң комитетінің Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің ресейлік саясаткерлермен байланысы туралы іске қатысты тыңдауына төраға болған. Тыңдауда Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауы кампаниясына килігу ықтималдығы туралы мәселе де қаралған.

Флинн Трамп президент болып сайланғанға дейін Ресей елшісімен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары жайын талқылағанын жасырып қалғаны әшкере болған соң 13 ақпанда президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG