Accessibility links

"Халыққа баспанасын қалдырайық" ұйымының өкілдері сотта қарсылық танытты


"Халыққа баспанасын қалдырайық" қоғамдық ұйымының өкілдері қалалық сот алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 10 мамыр 2017 жыл.
"Халыққа баспанасын қалдырайық" қоғамдық ұйымының өкілдері қалалық сот алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 10 мамыр 2017 жыл.

Алматыда бүгін "Халықты баспанамен қамтамасыз етейік" қоғамдық ұйымының ондаған өкілі қалалық соттың алдында наразылық танытты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ұйым жетекшісі Сұлубике Жақсылықованың айтуына қарағанда, 13 наурыз күні полиция "Форте банк" алдында үлескерлер өткізген қарсылық акциясына" байланысты "Халыққа баспанасын қалдырайық" ұйымының кеңсесін тінтіп, компьютерлері мен кеңсе техникаларын алып кеткен. Бұдан соң оған тергеуге шақырту қағазын тапсырып, Медеу аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі Н.Б.Тәжиев тергеуде өзінің бұл іс бойынша күдікті екенін айтқан. Бірақ тергеуші Жақсылықованы күдікті деп тану туралы Алмалы аудандық судьясы А.Әбдіхалықова шығарған қаулыны бермеген. Бұдан соң Жақсылықова Медеу аудандық прокуратурасына тергеушінің үстінен шағымданған. Прокуратура Жақсылықоваға оның күдікті деп танылғанын және тергеушінің ісі заңды екенін айтып жауап берген.

Кейін ішкі істер министрлігі басшылығының қабылдауында Жақсылықова өзінің банктегі акция бойынша күдікті емес, қорғану құқығы бар куәгер екеніне көзін жеткізген.

"Маған қарсы заңсыз қаулылар шығарды" деген Жақсылықова қалалық сот төрағасынан судья А.Әбдіхалықоваға, апелляциялық инстанция судьясы А.Ешеевке және Медеу ауданының прокуроры Бишімбаевке қатысты қызметтік тергеу жүргізуді талап етеді. Жақсылықова сонымен қатар "заңның сақталуын қадағалау міндетін атқарудың орнына заң бұзды" деп Медеу ауданының прокурорын отставкаға жіберуді талап етеді.

Жиналғандарға шыққан қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбет тәртіп бойынша, талап-шағымды сот төрағасының қабылдауына алдын ала жазылу арқылы кіріп, білдіруге болатынын айтты.

Ипотекамен үй алып, қарызын төлей алмай жүргендер мәселелеріне назар аудартуға тырысып, ара-тұра наразылық акциясын өткізіп тұрады. Олар экономикалық дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы салдарынан қарыздарын төлеуқиынға айналғанын айтады. Наурыздың ортасында олар қалалық соттың алдына жиналып, "ипотекалық қарыздарын қайтара алмай қайтыс болып кеткендерді еске алған".

Ипотекаға үй алғандар қалалық соттың алдында (30 наурыз 2017 жыл):

Алматыдағы "ипотека құрбандарын" еске алу акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

XS
SM
MD
LG