Accessibility links

Путинге арналған хатқа қол жинағаны үшін қамалған белсенді босатылды


Белсенді Дарья Кулакованың қамаудан босап шыққан сәті. Қазан, 9 мамыр 2017 жыл.

Ресейлік оппозиция белсендісі, президент Владимир Путинге үндеу хатқа қол жинаған Дарья Кулакова 10 тәулік әкімшілік қамауда отырып, 9 мамырда босап шықты. Кулакова Путинді төртінші мерзімге президенттікке түспеуге шақырған кампанияға қатысқаны үшін сотталған.

Қазан соты 30 сәуірде Кулакованы Путиннің аймақтық қабылдауына хат тапсыратын шара кезінде көпшілік алдында демонстрация өткізу туралы заңды бұзды және полицияға қарсылық көрсетті деп айыптаған.

Кулакова 29 сәуірде, оппозициялық белсенділер Қазанда "Надоел" акциясын өткізбек ұсталған. Сол күні мұндай акция Ресейдің бірнеше қаласында өткізілген еді. Жергілікті билік қарсылық акциясын өткізуге рұқсат бермеген соң Кулакова мен басқа да белсенділер акцияның орнына Путиннің қабылдауына хат тапсыруды жөн деп тапқан.

Дарья Кулакованың абақтыдан босап шыққан сәті:

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG