Accessibility links

Путин футболдан Конфедерация кубогы өтетін кезде митинг өткізуді шектеді


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин 2017 жылы футболдан Конфедерация кубогы және 2018 жылы әлем чемпионаты өтетін кезеңдегі ерекше қауіпсіздік шаралары туралы жарлық шығарды. Жарлықтағы ерекше шаралар қатарында митинг пен жиындар өткізу мүмкіндігін шектеу қарастырылған.

Қауіпсіздіктің ерекше ережесі 2017 жылдың 1 маусымы мен 12 шілдесі және 2018 жылғы 25 мамыр мен 25 шілде аралығында күшінде болады. Бұл уақытта барлық митинг, шеру, демонстрация және спорттық шаралармен байланысы жоқ басқа да көпшілік акциялар жергілікті биліктің рұқсаты бойынша, Федералдық қауіпсіздік қызметі және ішкі істер министрлігінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс болады.

Бұған дейін оппозициялық саясаткер Алексей Навальный жақтастарын 12 маусым - Ресей күнінде ел көлемінде коррупцияға қарсы акциялар өткізуге шқырған. Саясаткер акция өткізуге өтініш бергені туралы хабарлаған жоқ.

Ерекше қауіпсіздік туралы жарлықта сонымен бірге ресейліктерді тіркеу, транспорт пен қауіпті өндіріс орындарының жұмысы, ішімдіктер сату тәртібіне де қатысты да күшейтілген шаралар қарастырылған.

Конфедерация кубогы 17 маусым мен 2 шілде аралығында төрт қала - Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан мен Сочиде өтеді. Футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG