Accessibility links

Бұрынғы конгресмен әрі елші USAID басшылығына ұсынылды


USAID логотипі (Көрнекі сурет).
USAID логотипі (Көрнекі сурет).

Ақ үй бұрынғы конгресмен әрі Танзаниядағы бұрынғы елші Марк Эндрю Гринді АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) басшысы қызметіне ұсынды. Грин конгрестің өкілдер палатасына Висконсин штатының 8-округінен сайланып, әділет және халықаралық қатынастар комитетінде жұмыс істеген. Қазір ол әлемде демократияны таратумен айналысатын үкіметтік емес Халықаралық республика институтын басқарады.

Грин президент Дональд Трамп негізінен USAID үйлестіретін халықаралық көмек бағдарламаларына бөлетін қаржыны қысқартуды ұсынған тұста осы агенттік басшылығына ұсынылып отыр. 2018 жылдың бюджет жобасында дипломатиялық өкілдіктер мен көмек көрсету жобаларына бөлінетін қаржының төрттен бірін азайтып, оны қорғаныс саласына жұмсау қарастырылған.

XS
SM
MD
LG