Accessibility links

Балуан Мақсат Ережепов - Азия чемпионы


Мақсат Ережепов Делидегі Азия чемпионатында. 10 мамыр 2017 жыл (Сурет unitedworldwrestling.org сайтынан алынды)
Мақсат Ережепов Делидегі Азия чемпионатында. 10 мамыр 2017 жыл (Сурет unitedworldwrestling.org сайтынан алынды)

Күрес түрлерінен Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан бір алтын, екі күміс, бір қола алды.

Грек-рим күресінен 75 килограмм салмақта Мақсат Ережепов Азия чемпионы атанды. Ол жартылай финалда қытайлық Вин Янгты, финалда Даесунг Паркты (Оңтүстік Корея) жеңді. Ережепов 2012 және 2013 жылғы Азия чемпионатында қола, 2014 жылы күміс иеленген.

66 килограмда Алмат Кебіспаев жартылай финалда Шого Такахашиді (Жапония) жеңді. Ал финалда оңтүстік кореялық Сангхунг Охтан жеңілді. Кебіспаев - 2011 жылғы Азия чемпионы және 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

130 килограмда Дамир Күзембаев финалға шығар алдында өзбекстандық Миминжон Абдоллаевты ұтты. Бірақ финалда ирандық Бехнам Алиакбар Мехдизадехтен ұтылып, күміс иеленді. 90 килограмда Ерұлан Искаков қола алды.

Күрестен Азия чемпионаты 12 мамырда аяқталады.

XS
SM
MD
LG