Accessibility links

Пенс: АҚШ Украинаның егемендігін қолдаудан айнымайды


АҚШ вице-президенті Майк Пенс (оң жақта) Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездесіп отыр. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс (оң жақта) Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездесіп отыр. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс 10 мамырда Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездесуінде президент Дональд Трамп әкімшілігі Украинаның егемендігін "қолдаудан айнымайтынын" мәлімдеді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Пенс Климкинмен Дональд Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз өткізіп жатқанда кездескен.

Пенс келіссөзде АҚШ Украинаның "территориялық тұтастығын" қолдайтынын айтып, Киевті Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистермен қақтығысты "бейбіт түрде шешуге" шақырған.

Украина шығысындағы қақтығыс Ресей Қырым түбегін аннексиялап алған уақытта басталған. Қақтығыстан осы кезге дейін 10 мыңға тарта адам қаза тапты.

Трамп Лавровпен сайлауалды кампаниясында Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту туралы уәдесін орындау үшін кездесіп отыр. Ал Пенстің Климкинмен кездесуі Киевті Вашингтон Мәскеумен қарым-қатынасын Украинаның мүддесіне нұқсан келтіру есебінен жақсартпайтынына сендіруді көздейді.

XS
SM
MD
LG