Accessibility links

Алматыда автобус пен жол талғамайтын көлік соқтығысып, 17 адам жапа шекті


Алматы көшесіндегі жолаушылар тасымалдайтын автобус (Көрнекі сурет).
Алматы көшесіндегі жолаушылар тасымалдайтын автобус (Көрнекі сурет).

Алматыда жолаушылар автобусы мен жол талғамайтын көлік соқтығысып, 17 адам жапа шекті деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Жол апаты бүгін түс шамасында Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысына жақын тұста болған.

Жолдың қоғамдық көлікке арналған бөлігінде келе жатқан 63-маршруттағы автобус Mercedes Gelendewagen көлігімен соқтығысып, көшеге жарық түсіретін шамның бағанасына соғылған. Оқиға орнына барған жедел жәрдем бригадасы 17 адам - 16 жолаушы мен жеңіл көліктің жүргізушісіне медициналық көмек көрсеткен.

Алматы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG