Accessibility links

Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінісінен сегіз адам қаза болған


Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы (картада қызыл түске боялған).
Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы (картада қызыл түске боялған).

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы негізінен этникалық тәжіктер тұратын аудандарда жер сілкінісі салдарынан сегіз адам мерт болып, 23 адам зардап шеккен. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, мамырдың 11-і күні Шыңжаңның солтүстік-батыс бөлігіндегі Ташқорған уезінде жергілікті уақытпен таңғы сағат алты кезінде 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Жергілікті уақыт бойынша 1500-ден аса үйге зақым келген. Әсіресе Кузгун ауылы қатты зардап шекті деп хабарлайды қытай баспасөз құралдары. БАҚ ақпараты бойынша, 9200 адам эвакуцияланған, құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Ташқорған уезі Шыңжаңның орталығы Үрімжі қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1250 шақырымда орналасқан. Ол Тәжікстан, Пәкістан және Ауғанстанмен шектеседі.

XS
SM
MD
LG