Accessibility links

FBI-дің уақытша басшысы Комидің отставкасы туралы өзгеше пікір білдірді


Эндрю МакКейб, FBI директорының міндетін уақытша атқарушы.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigations - FBI) директоры міндетін уақытша атқарушы Эндрю МакКейб Ақ үйдің бюроның бұған дейін басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатуына қатысты көзқарасынан өзгеше пікір білдірді.

11 мамырда сенаттың барлау істері жөніндегі комитетінде сөйлеген МакКейб АҚШ прзеиденті Дональд Трамптың "Джеймс Коми Вашингтонның сенімінен айырылды" деген сөзін "мүлдем дұрыс емес" деп атады. МакКейбтің сөзінше, Коми ведомство ішінде үлкен қолдауға ие болған және қазір де ие.

Эндрю МакКейб бұған қоса кейбір БАҚ-тың Джеймс Коми Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуге қатысы барын тергеуге қосымша қаржы сұрады деген ақпаратын да жоққа шығарды.

Бұған дейін демократ конгресмендер мен кейбір республикашылдар Комидің отставкаға кетуіне Хиллари Клинтонның ол мемлекеттік хатшы болып тұрған кезіндегі электрондық хат алмасуларын тергеуді дұрыс жүргізбеуі себеп болды деген уәжге күмән келтірген. Мұндай уәжді 9 мамырда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер айтқан.

Эндрю МакКейб FBI басшысы болмайды деген болжам бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG