Accessibility links

БАҚ: Балтық бойы елдеріне жасалған кибершабуылға Ресей күдікті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Балтық бойы елдерінің энергетикалық жүйесіне ықтимал ресейлік хакерлер тарапынан сынақ ретінде кибершабуыл жасалып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл НАТО-ның алаңдаушылығын тудырып отыр.

Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше Литва, Латвия және Эстония қазір Ресейдің энергетикалық жүйесіне қосылған, бірақ болашақта энергетикалық желілерін Польша арқылы еуропалық жүйемен біріктірмек ойда.

Тергеу шаралары хакерлердің екі жыл бойы Балтық бойы елдері энергетикалық желілеріне еш қиындықсыз қосылып, сонымен бір мезетте Украинаның энергетикалық желілеріне ауқымды кибершабуыл жасап жатқанын анықтаған. Тергеу органдары кибершабуылдардың артында Ресейдің үкіметтік құрылымдары тұр деп күдіктенеді. Reuters өзінде мұны растайтын ақпарат жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG