Accessibility links

АҚШ тауарлары мен компаниялары Қытай нарығына жеңілдікпен енбек


Уилбур Росс, АҚШ сауда министрі.
Уилбур Росс, АҚШ сауда министрі.

АҚШ Қытаймен табиғи газ, ет өнімдері мен биотехнологияларды, сақтандыру компаниялары мен электрондық төлем жасау саласында қызмет көрсететін рейтинг агенттіктері мен фирмаларының қытай нарығына жеңілдікпен енуі туралы ауқымды келісім-шарт жасасты. Бұл туралы 11 мамырда АҚШ президенті әкімшілігі хабарлады.

"АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы жаңа деңгейде тұр" деді Ақ үйде өткен салтанатты шарада сауда министрі Уилбур Росс. Ол келісім туралы айтқанда экі жақты экономикалық байланыстар ғана емес, дипломатиялық ынтымақтастық, оның ішінде ең алдымен Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі бойынша ынтымақтастықты да меңзеді.

Президент Дональд Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Қытайдың сауда саясатын қатаң сынаған болатын. Сауда саясаты өткен айда Қытай президенті Си Цзиньпин Флорида штатында Дональд Трамппен кездескенде өзгерген. Қытай жаңа мәміле жасалғаны туралы 14 мамырда Пекинде өтетін саммитке дейін жариялануына мүдделілік танытқан.

Сарапшылар жаңа мәміленің Трамп айтқан АҚШ-тағы Қытаймен сауда көлемінің артуына қалай әсер ететініне әзірге пікір білдірмеу отыр. Былтыр екі елдің ортақ сауда айналымы 347 миллиард долларды құраған.

XS
SM
MD
LG