Accessibility links

СҚО билігі: Бүлінген баспаналар шығынын есептеу үшін су толық тартылуы тиіс


Қызылжар ауданына қарасты үйлерін су басқан Тепличный ауылының тұрғындары жергілікті билік өкілдерімен кездесуде отыр. Солтүстік Қазақстан облысы, 11 мамыр 2017 жыл.
Қызылжар ауданына қарасты үйлерін су басқан Тепличный ауылының тұрғындары жергілікті билік өкілдерімен кездесуде отыр. Солтүстік Қазақстан облысы, 11 мамыр 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысындағы үйлерін су басып, жапа шеккен Тепличное ауылының тұрғындары жергілікті билік өкілдерімен кездесті. Тұрғындар жыл сайын жөнделетін өзен бөгеті көктемгі тасқынға тосқауыл бола алмайтынын айтып, апаттың қайталанбауы үшін алдағы уақытта қандай жұмыс атқарылып жатқанын сұрады.

Тепличное ауылының тұрғыны Закиржан Мамлютов отбасымен бірге тасқын су басталғалы бері үйіне кіре алмай жүргендерін айтады. Бірақ, ол өзін алаңдататын негізгі мәселе қазіргі күйі емес, апаттың қайталанбауы үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгісі келетінін айтады.

- Жобалық құжаттар дайындалып, облыстық әкімдікке, кейін республикаға жіберіледі деп айтты. Бөгет салуға енді қаражат сұрайды. Егер бұл жұмыстар шынымен атқарылса, біз келесі көмтемге дайын боламыз, - дейді.

Қызылжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Бақыт Ілиясовтің айтуынша, бүлінген баспаналардың шығынын есептеу үшін үйге кірген су толығымен тартылып бітуі керек.

- Ертеңнен бастап ауылда тазалау жұмыстарын бастаймыз. Суды бөгеп тұрған балшықты жинастырамыз. Жолды жөнге келтіреміз. Бұл жұмыстарды ертеңнен бастап, бір аптаның көлемінде бітіреміз, - деді Бақыт Ілиясов.

Ресми ақпарат бойынша, тасқын басталғалы бері Тепличный ауылынан 3200 текше метр су шығарылған. 3 қайықпен 853 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Солтүстік Қазақстан болысындағы су тасқыны жайлы Азаттықтың видеорепортажы (5 мамыр 2017 жыл)

Солтүстікте су тасқыны толастар емес
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

XS
SM
MD
LG